Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы

Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі

4772
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы

Нұрлан Ыбырайым 1973 жылы 25 тамызда Қырғыз ССР-ның қазіргі Бішкек қаласында дүниеге келген.  

Білімі:

1995 ж. – Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1996-1997 жж. – Алматы қаласы Мәскеу ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.

1997-1998 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті Істері Басқармасының аға референт-заңгері.

1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің  мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға сарапшысы.

2001 жылдың маусымы – 2002 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2002 жылдың маусымы – 2003 жылдың шілдесі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің  мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға сарапшысы.

2003 жылдың маусымы – 2004 жылдың желтоқсаны – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитет төрағасының орынбасары.

2004 жылдың желтоқсаны - 2007 жылдың қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары.

2007 жылдың қыркүйегі – 2008 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясы аппаратының басшысы.

2008 жылдың маусымы – 2011жылдың мамыры – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамыту және құқықтық мәселелер жөніндегі проректор. 

2010 жылдың қарашасы – 2012 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры.

2012 жылдың ақпаны – 2014 жылдың сәуірі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы. 

2014 жылдың маусымы – 2016 жылдың сәуірі – «Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығы» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы.

2016 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасы мемлекеттік істер жөніндегі вице-министр.  

2019 жылдың 25 наурызынан – Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

Мемлекеттік наградалары: «Білім берудің үздік қызметкері» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» және «Астана 10 жыл» медалдары, «ҚазҰУ 75» құрмет белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының алғыстарына ие.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу