Юлия Руслановна Овечкина

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы  

618
Юлия Руслановна Овечкина Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Юлия Овечкина Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Юлия Руслановна Овечкина 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2014–2016 жылдары – Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау жөніндегі менеджер, бас маман.

2016–2017 жылдары – Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі.

2017–2020 жылдары – Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау секторы меңгерушісі.

2020–2022 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылдың 4 қарашасынан бастап Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне кірісті.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу