Юсупов Мейіржан Бахытұлы

Ұлттық экономика вице-министрі    

20721
Юсупов Мейіржан Бахытұлы

Мейіржан Юсупов 1979 жылы дүниеге келген.

Білімі:

2001 ж. - «Экономика және басқару» мамандығы бойынша MIDDLE EAST TECHNICAL UNIVERSITY аяқтаған.

2007 жж. - Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін аяқтаған (Экономикалық дамуды басқару магистрі).

2015 ж. – Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистрін бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын «Туркуаз компаниялар тобы» АҚ департамент директорының орынбасарлығынан бастаған.

Кейін «Демир Қазақстан Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Қорында қызметтер атқарған.

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымындағы мемлекеттік қызметте де болған.

2010-2015 жж. – қыркүйек айынан Корпоративтық қаржы және қазынашылық департаментінің директоры,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалды.

2015-2020 жж - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры.

2020 жылғы 10 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу