Зәкиева Динара Болатқызы

ҚР Құрылтай төрағасының орынбасары  

580
Зәкиева Динара Болатқызы Фото: t.me/consot_kz

Динара Зәкиева I шақырылымдағы Құрылтай төрағасының орынбасары болып сайланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Динара Болатқызы Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.

  • 2001 жылы Бейжіңдегі (ҚХР) Тіл және мәдениет институтын бітірген.
  • 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінlt «халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алған.
  • Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық құқық» мамандығы бойынша 2004 жылы және MBA Hult international business school 2013 жылы бітірген.
  • Еңбек жолын «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары (2004-2005 жж.) ретінде бастаған.
  • Одан соң ҚР Индустрия және сауда министрлігінде Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы болса, «Antarex» ЖШС негізін қалаушы ретінде де танылды.
  • Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары – партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі (2013-2015 жж.) болды.
  • Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры (2017-2019 жж.).
  • «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.).
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.).
  • 2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты.
  • 2022 жылдан бастап «Аманат» партиясының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жетекшісі.
  • 2023 жылғы 12 маусымда президент өкімімен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.
  • 2026 жылдың 28 тамызында Құрылтай депутаты атанды.
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу