Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы
ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің экс-төрағасы
6856 04.03.21, 14:44
Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов 1965 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Қазалы ауданының Аранды ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
Білімі:
Қызылорда политехникумының ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетін техник-электрик мамандығы бойынша бітірген.
Волгоград ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылық электрификациясы факультетін инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кәсіпорындағы экономика және басқару факультетін инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының біліктілік арттыру курстарын бітірген.
Еңбек жолы:
1989-1993 жж. - «Басагрожөндеумаш» жөндеу-механикалық зауытының №2 цех энергетигі. 1993-1998 жж. - «Южнефтегаз» МАҚ Құмкел терең бұрғылау пайдалану экспедициясының (ҚТПБЭ) инженер-энергетигі.
1998-2000жж. - «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ ҚТПБЭ бас энергетигі.
2000-2005жж - «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» ААҚ энергетика бөлімі мен өндірісті автоматтандыру цехының бастығы.
2005-2008 жж. - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2008-2010 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2010-2013 жж. – Қызылорда қаласы әкімі.
2013-2014 жж. - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімі.
2014-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2015-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жерге орналастыру комитетінің төрағасы .
2016-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
2017 жылғы ақпан - 2019 жылғы ақпан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
2019 жылғы ақпан - 2021 жылғы наурыз - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің экс- төрағасы.
Басқа да қызметтері:
1989-2005 жж - «Қызылорда-Агрореммаш» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «РМЗ-Шапағат» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Мемлекеттік наградалары:
«Құрмет», «Парасат» ордендері.