Жәкенов Асқар Серікжанұлы
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары
6484 07.10.19, 12:37
Асқар Жәкенов 1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген.
Білімі:
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында бастады.
1999 жылы ҚР әділет министрлігіне жұмысқа қабылданды, онда жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейін қызмет етті.
2004-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылдың 7 қазанынан бастап – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.