Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы

Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі  

15151
Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы Фото: gov.kz

Ботагөз Жақселекова  1980 жылы 9 сәуірде дүниеге келген.  

Білімі:

2001 ж. - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген, заңгер-құқықтанушы.

2012 ж. -  ExeterUniversity (Ұлыбритания) университетін тәмамдаған, MPA (Master of Public Administration) дәрежесінің иегері, мемлекеттік басқару.

2006, 2008,2009 жж. -  мемлекеттік басқару және саясат мәселелері жөніндегі қысқа мерзімдік тағылымдамадан өткен: ENA (Франция, 2006), DukeUniversity (АҚШ, 2008), LSE (Ұлыбритания, 2009).

Еңбек жолы:

2001-2003 жж. - маман, кадрлық жұмыс басқармасының жетекші маманы, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, заңнама депатаменті директорының орынбасары, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменінің бас сарапшысы, ҚР Әділет министрлігі кадрлық қызмет департаменті директорының орынбасары.

2013-2015 жж. -  ҚР Әділет министрлігі кадрлық қызмет департаменті директорының орынбасары, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау есеп комитетінде меңгерушінің орынбасары.

2015-2016 жж. -  «СК-Фармация» ЖШС стратегиялық даму бөлімінің бастығы.

2016-2017 жж. -  «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры.

2017 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасы.

2018-2019 жж. - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ төрағасы міндетін орындаушы.

2019 жылдың наурызынан бастап - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап -  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.   

2023 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу