Жақыпова Фатима Надырқызы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым экс-вице-министрі
12746 13.11.19, 10:48
Фатима Жақыпова 1968 жылы 17 шілдеде туған.
Білімі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2009 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – «саяси экономика».
1994 ж. -Кентукки штатындағы Кентукки университетін бітірген.
Ғылыми атақтары, қызметі:
1996 ж. – экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының көшпелі экономика жағдайындағы банктердің жаңа рөлі».
1998 ж. – доцент.
2010 ж. - экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы:
1990 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің саяси экономика кафедрасының ассистенті.
1991-2001 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, экономика және құқық институтының оқу-әдістемелік зертханасының меңгерушісі.
1999-2000 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Қазақ университеті» баспасының директоры.
2000-2001 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде экономика және құқық институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
2001-2003 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жалпы мәселелер, экономикалық болжау және даму жөніндегі проректоры
2003-2008 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
2008-2011 жж. - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры – бірінші проректоры.
2011-2014 жж. - ҚР Білім және ғылым миинистрлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі департамент директорының орынбасары, директоры.
2014-2016 жж. - Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат Жоғарғы мектебінің атқарушы директоры
2016 жылдың 20 шілде -2019 жылдың 11 сәуірінде - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.
2019 жылдың 11сәуір - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым экс-вице-министрі.