Жамбакин Асқар Серікұлы
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
9733 20.11.20, 15:45
Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2007 ж. - Алматы энергетика және байланыс институтын,
2009 ж. - Манчестер университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2003 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған.
2010-2011 жж. – «HSBC Қазақстан банкі» АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері.
2011-2014 жж. – «Қазақстанның даму банкі» АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры болып жұмыс істеген.
2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарған.
2017-2018 жж. – «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі.
2018 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2020 жылдың 20 қаршасынан бастап – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі