Жәмішев Болат Бидахметұлы
«Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
19799 15.01.22, 15:31
Болат Бидахметұлы Жәмішев 1957 жылы 28 маусымда Талдықорған облысы Гвардия ауданының Алтын Емел селосында дүниеге келген.
Білімі:
1981 ж. – Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған, 1987 жылы Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1981-1984 жж. – совхоз агрономы.
1984-1992 жж. – Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ғылыми хатшы.
1992-1993 жж. – референт, Қазақстан кәсіпкерлер конгресі атқарушы комитеті төрағасының орынбасары.
1993-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің экономикалық зерттеулер және болжамдар департаменті директорының орынбасары, әлеуетті зерттеулер орталығының директоры, зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары.
1997 жылдың шілде-қарашасы – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұлттық зейнетақы агенттігі директоры.
1997 жылдың қарашасы – 1999 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
1999 жылдың наурызы – 2001жылдың маусымы – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі.
2001 жылдың маусымы - 2002 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі.
2002 жылдың ақпаны -2003 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі.
2003 жылдың ақпаны – 2004 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.
2004 жылдың 6 қаңтары – 2006 жылдың 19 қаңтары – Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы.
2006 жылдың 16 маусымы – 2007 жылдың қарашасы – Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасының орынбасары – жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директоры.
2007 жылдың қарашасы – 2013 жылдың қарашасы - Қазақстан Республикасының қаржы министрі. 2013 жылғы 6 қарашадан – 2014 жылдың 6 тамызына дейін - Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі. 2014 жылдың 4 сәуірінде осы қызметке қайта сайланған.
2014 жылдың тамызынан – 2019 жылдың 11 сәуіріне дейін – «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқармасының төрағасы.
2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың 26 маусымы аралығында – «First Heartland Jýsan Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2020 жылдың 4 қарашасынан бастап - «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
Басқа қызметтері:
1999 ж. – KEGOC ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
1999-2000 жж. – «МЖЗҚ» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
1999-2003 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
1999-2001 жж. – «Қазақтелеком» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2001-2002 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2002-2003 жж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ мен «МЖЗҚ» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылдың наурызынан бастап- «ҚазАгро» ҰХ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2016 жылдың 25 сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін өкілеттігі ұзартылды.
2008 жылдың наурыз-шілдесі - «Самғау»ҰҒТХ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылдың қазанынан - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Зерде» ҰАХ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2009 жылдың қазанынан – «Астана жаңа университет» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2010 жылдың маусымынан – «Назарбаев Университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылдың 17 қазанынан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2012 жылдың шілдесінен – «Самұрық- Қазына» АҚ директорлар кеңесінің жанындағы арнайы комитеттің төрағасы.
2012 15 мамыры – 2013 жылдың 30 желтоқсаны – Қазақстан Республикасы үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасында өкіл.
2015 жылдың 13 наурызынан – «Қазақстан Даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2017 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан конькишілер ұлттық федерациясы президенті.
2019 жылдың 25 ақпанынан – «Цеснабанк» АҚ тәуелсіз директоры.
2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылдың 21 сәуірінен бастап - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) директорлар кеңесінің төрағасы
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет», «Парасат» ордені, «Астанаға 10 жыл» медалі.