Жандосов Ораз Әлиұлы

«РАКУРС» экономикалық талдау орталығының директоры

7121
Жандосов Ораз Әлиұлы

Ораз Жандосов 1961 жылы 26 қазанда дүниеге келген.

Білімі:

1987 ж. - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін «экономист-кибернетик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1987-1991 жж. - Қазақстан Ғылым академиясының экономика институтының кіші ғылыми қызметкері.

1991-1993 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты, басшының орынбасары.

1993- 1996 жж. - шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік төрағасы – Қазақстан Республикасы экономика министрінің бірінші орынбасары.

1996-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы.

1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы.

1999-2000 жж. -   «KEGOC» ААҚ Президенті.

2000-2001 жж. -  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2001-2002 жж. - «Сана-Консалтинг» ЖШС серіктесі.

2003 жылғы қаңтардан -  2003 жылғы маусымға дейін   Қазақстан Республикасы  Президентінің көмекшісі.

2003-2004 жж. - Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін   «РАКУРС» экономикалық талдау орталығының директоры.

Басқа қызметтері:

1997 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі.

1997-1998 жж. – Қазақстан Республикасын тұрақты дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының құрметті президенті. 

2001-2002 жж. - «ҚДТ» РҚҰ саяси кеңесінің мүшесі.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы. 

2003 ж. -  «Air Kazakhstan» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2004 ж. - «Ақ жол» ҚДП орталық сайлау штабының жетекшісі.

2004 жылдың қазанынан бастап – Қазақстанның демократиялық күштер үйлестіру кеңесінің мүшесі. 

2005 жылдың наурызынан -  «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы төралқасының мүшесі.

2005 жылдың қыркүйек – желтоқсаны -  Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Ж.А. Тұякбайды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жетекшісінің орынбасары.

2008 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан экономистері қауымдастығы қамқоршылық кеңесінің мүшесі.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі.  

2016 жылдың маусымынан – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі –тәуелсіз директор, тап осы қызметке 2019 жылдың 29 сәуірінде қайта сайланды. 

2018 жылдың маусымынан – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор. 

2018 жылдың қыркүйегінен – «Қазпошта» АҚ тәуелсіз директоры. 

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу