Жанқуатов Ғалымжан Жандосұлы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы
1813 14.02.23, 22:31
Жанқуатов Ғалымжан 1982 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі:
Семей «Қайнар» университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2001 жылы «Катран» шаруа қожалығының іс жүргізушісі болып бастаған.
2004-2006 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеген.
2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімінің бас сарапшысы, консультант-мемлекеттік ревизор.
2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің бас консультанты.
2011-2014 – ҚР Білім және ғылым министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің Мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы, Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, Заң департаментінің директоры.
2014-2015 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.
2015-2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас консультанты.
2017-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директоры.
2019-2020 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, директоры.
2020-2021 – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас инспекторы.
2023 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі кеңесшісі қызметін атқарды.