Жанжүменов Талғат Жеңісұлы
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
15257 30.03.21, 19:48
Талғат Жеңісұлы Жанжүменов 1968 жылы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1989 ж. – Вольск жоғары әскери тыл училищесі.
1999 ж. – РФ Қорғаныс министрлігінің тыл және көлік әскери академиясы.
2008 ж. – Ресей Федерациясы Қарулы күштер бас штабының әскери академиясы.
Еңбек жолы:
1989-1993 жж. – Батыс әскері тобында қызмет етті.
1993-1999 жж. – ҚР ҚК-інде тыл құрылымдарда әртүрлі қызметтер атқарды.
1999-2001 жж. – ҚР ҚМ Тыл департаментінің тыл басқармасның азық-түлік қызметінің бастығы.
2001-2006 жж. – ҚР Республикалық гвардия қолбасшысының орынбасары.
2008-2011 жж. – ҚР Қарулы Күштердің тыл бастығы
2010 жылдың наурызы – 2013 жылдың мамыры – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.
2010 жылдың 7 мамырында генерал-майор атағы берілген.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық саясат департаменті басшысы.
2014-2015 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2015 жылдың маусымы – 2016 жылдың қазаны – Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.
2016 жылдың 31 қазаны – 2019 жылдың 5 сәуірі – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.
2019 жылдың 17 сәуірінен - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі.
2019 жылдың 30 шілдесінен– Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Мемлекет басшысының 2018 жылдың 3 мамырындағы қаулысымен генерал-лейтенант атағы берілді.
Мемлекеттік наградалары: II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» ордендері.