Желдібай Руслан Сұлтанұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы
3044 05.01.23, 12:08
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі:
Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университеті, Уорвик университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жж – «Алматы» телеарнасында бөлім меңгерушісі, продюсер.
2018-2019 жж - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы міндетін атқарушы, басшысы.
2019-2020 жж – Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2022 жылғы 22 сәуірде ҚР Президенті баспасөз хатшысы.
2023 жылғы 5 қаңтарда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.