Жетпісбаев Арман Шәріпбайұлы
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары
9537 10.08.20, 15:20
Арман Жетпісбаев 1971 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.
Білімі:
1993 ж. - Қазақ химия-технология институтын «өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
2002 ж. - Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша «экономист» біліктілігін игерген.
Мәскеу халықаралық қаржы-банк мектебінде, Алматыдағы халықаралық бизнес академиясында, Женевадағы Inteconference LTD with participation of molans and anier municipalitiens , Ұлыбританиядағы Leadership Foundation fo Higher Education, Назарбаев Университетінде білім алған.
Еңбек жолы:
1992-1994 жж. - «Стройинвест» кәсіпорнында жұмыс істеген.
1994-1998 жж. - «Мистер Д және К» фирмасының директоры, «Шымкент-Тельбоне» қазақ-корей БК директоры, «Энерготехсервис» ғылыми-өндірістік кәсіпорын директоры, «Интерсервис» ЖШС директоры.
1998-1999 жж. - «Автосервис және сауда» АҚ вице-президенті, «Алаугаз» АҚ вице-президенті, «Алаутрансгаз» ЖШС директоры.
1999ж. - «Оңтүстік газ» АҚ, «Шымкентгаз» ЖШС директоры.
1999-2000 жж. - «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Шымкент қаласының филиалы директорының орынбасары.
2002-2003 жж. - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Қызылорда қаласы филиалының директоры, «Казкоммерцбанк-Қырғызстан» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2003-2005 жж. - «Корпорация ARNA» ААҚ-ның атқарушы директоры, кейін «Корпорация ARNA» ААҚ басқармасының төрағасы болып сайланды
2005-2006 жж. - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ (АЭА) дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры.
2006-2008 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008-2012 жж. – Шымкент қаласының әкімі.
2012 жылдан бастап - «Tastobe Resources» ЖШС құрылтайшысы.
2015-2017 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының директоры
2017-2018 жж. - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы.
2018 жылдың қарашасы - 2020 жылдың тамызы - «Нысандар құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының бас директоры.
2020 жылдың 10 тамызынан - Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары.