Жиенбаев Ержан Нұрланұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары

9528
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы

Ержан Жиенбаев 1981 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. 

Білімі:

«Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолы:

2002-2005 жж. - ҚР Қаржы министрлігі қызметкері. 

2005-2012 жж. - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің құрылымында аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жж. - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013-2019 жж. - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісі.

2019 жылдың 23 шілдесінен - ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

2019 жылдың 23 қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу