Жүдебаев Арман

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі 

6982
Жүдебаев Арман Фото: gov.kz

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.

2009-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2017-2018 жылдары - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарған.

2023 жылғы  23 мамырда ҚР Мəдениет жəне спорт министрінің бұйрығымен Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2023 жылғы 10 тамызда ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу