Жұмабеков Арман Даирұлы
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің жауапты хатшысы
18972 07.02.22, 16:34
Арман Жұмабеков 1973 жылы 4 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі:
1997 ж. – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1990-1998 жж. – Целиноград облысының №2102 жинақ банктің Ерейментау филиалы инспекторы.
1998-1999 жж. –Қазақстан Республикасы Ақмола облысы бойынша салық комитетінің бас заң консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы.
1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінде консультант.
2003-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас сарапшысы.
2004-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық басқармасының заңнамалық және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің заңнамалық және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық басқармасының заңнамалық және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық басқармасының заңнамалық және құқықтық сараптама бөлімінің бас инспекторы. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
2008-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігі басшысының орынбасары.
2011-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.
2019 жылдың 8 сәуірінен – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2019 жылдың 19 шілдесінен - Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің жауапты хатшысы
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет»ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі.