Жұмабеков Болат Серікұлы
Петропавл қаласының әкімі
5026 12.04.19, 11:24
Болат Жұмабеков 1972 жылы 5 қараша дүниеге келген.
Білімі:
1995 ж. – Ақмола ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.
2006 ж. - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтану бакалавры.
Еңбек жолы:
1995-1997 жж. - «Жұмабеков К.С.» КШ агрономы.
1997-1999 жж. - Тимирязев ауданы әкімдігі аппаратының бас маманы. Тимирязев ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманы. МемжерҒӨО МКД-ның жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі. Тимирязев ауданы бойынша ауыл шаруашылығы департаментінің жерге орналастырушы-бас маманы.
1999-2005 жж. - Тимирязев ауданының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы.
2005-2007 жж. - Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы.
2007-2009 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі.
2009-2011 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі.
2011-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2012-2013 жж. - Петропавл қаласының әкімі.
2014 ж. - «JELS-ASTANA» ЖШС-ның коммерциялық директоры.
2014-2018 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі.
2018-2019 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімі.
2019 жылдың 12 сәуірінен – Петропавл қаласының әкімі.