Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі  

16227
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы

Асқар Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда Орынбор облысында дүниеге келген. 

Білімі:

1989 ж. – Свердловск суворов әскери училищесін бітірген.

1996 ж. – Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік ракеталық әскери училищесін тәмамдаған. 

1996 ж. – Қазақ ұлттық техникалық университеті ( Алматы қаласы), мамандығы  «Радиобайланыс, радиохабар және телевидение».

2002 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, мамандығы «Құқықтану». 

Лозанна федеральдық политехникалық мектебінен  электронды басқару саласындағы ғылыми магистр атағын алған. 

Еңбек жолы:

1996-1998 жж. – «Жарық» ЖШС бас директоры. 

1998-1999 жж. –  Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі.

1999-2000 жж. –  ҚР көлік және коммуникация министрлігінің көліктік қадағалау комитеті бөлімінің бас маманы, басшысы.

2000 жылдан бастап  «Телекомуникациялық трафик биллингінің республикалық орталығы» ММК басқармасы басшысы қызметін атқарған.   

2001-2003 жж. – ҚР байланыс саласындағы мемлекеттік басқару басшысы, байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары.

2003-2005 жж. – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары. 

2004-2005 жж – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы міндетін атқарушы.

2005-2006 жж. – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2006 жылдан бастап –  ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.

2006-2010 жж. – «Қазақтелеком» АҚ президенті. 

2010-2012 жж. – ҚР байланыс және ақпарат министрі. 

2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі. 

2014 жылдан бастап — ҚР байланыс және ақпарат агенттігі төрағасы. 

2014-2015 жж. – ҚР инвестиция және даму министрінің орынбасары. 

2015-2017 жж. –  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы.

2017 жылдың тамызынан – ҚР премьер-министр орынбасары. 

2018 жылдың 26 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі. 

2019 жылдың 25 ақпанынан – 2019 жылдың 18 маусымына дейін  – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі. 

2019 жылдың 18 маусымынан – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі. 

2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі.

Басқа қызметтері:

2002-2003 жж. – «Қазпошта» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2002-2003 жж. – «Қазақтелеком» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.  

2003 жылдың тамызы – 2004 жылдың шілдесі  – «Ұлттық ақпараттық технология» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2006 жылдың ақпанынан – «Бәйтерек» БК директорлар кеңесінің мүшесі. 

2008 жылдың қарашасынан бастап – «Парасат» ҰҒТХ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2007 жылдың қыркүйегі – 2010 жылдың мамыры – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі. 

2010 жылдың қазанынан бастап – «Қазақтелеком» АҚ басқармасы төрағасы. 

2015-2017 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.  

Мемлекеттік наградалар: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық меделі, Ю. А. Гагариннің медалі, «Құрметті байланысшы» («Почетный связист») атағы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу