Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы

14535
Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы

Айбатыр Жұмағұлов 1976 жылы 26 желтоқсанда туған.

Білімі:

1997 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, экономика магистрі дәрежесіне ие болған.

Еңбек жолы:

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаментінің бас сарапшысы.

2002-2005 жж. – «ЦентрКредит» Банк» АҚ қазынашылық департаменті директоры.

2005-2008 жж. – BCC-Invest АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2010 жж. – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрілігінің базалық салалар департаменті директоры.

2011-2013 жж. – BAUR Kazakhstan АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2013 жылдың қазаны2016 жылдың желтоқсаны – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ басқарма төрағасы.

2016 жылдың 29 желтоқсаны 2019 жылдың 7 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылдың 7 наурызынан – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы.

Басқа қызметтері: «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесін басқарды, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан кепілдендірілген ипотекалық кердиттер қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ты басқарды.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу