Жүнісов Біржан Уәлиұлы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары

9436
Жүнісов Біржан Уәлиұлы

Біржан Жүнісов 1972 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келген. 

Білімі:

1995 ж. - Жезқазған педагогика институтын «қазақ тілі және әдебиеті мамандығы» бойынша бітірген.   

2005 ж. - Қарағанды қаржы институтын «есеп және аудит мамандығы» бойынша тәмамдаған.

Біліктілігін көтеру:

1999 ж. – «Операциялық жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету» зейнетақы жүйесіндегі реформаларды оқыту бойынша бағдарламаға қатысқаны үшін USAID және IMCC сертификаттары. 

2002 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің біліктілік комиссиясының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы басқарушы лауазымдарға ие болу үшін біліктілік куәлігі».

Еңбек жолы:

1995-1996 жж. - Жезқазған облыстық тілдер басқармасында мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы.

1996-1997 жж. – Жезқазған облыстық халықты әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының зейнетақы қоры ісі бөлімінің I санатты маманы. 

1997-2002 жж. -  зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының (ЗТМО) Жезқазған қалалық филиалында бас маман, операциялық бөлім бастығы, төлемдер бөлімінің бастығы.

2002-2003 жж. – Жазқазған қаласында «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ өкілдігінің директоры.  

2003-2004 жж. – ЗТМО-ның Қарағанды облыстық филалының Жезқазған қалалық бөлімінде басшы.  

2004-2006 жж. - ЗТМО-ның Қарағанды облыстық филалының Сәтбаев қалалық бөлімінде басшы.

2006-2007 жж. – Жезқазған қаласындағы «Асар» РОО өкілеттігінің директоры.  

2007-2011 жж. – ЗТМО Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары. 

2011-2014 жж. – ЗТМО Алматы қалалық филиалы директоры.  

2014 жылдың қыркүйегі -2019 жылдың сәуірі – ЗТМО РМҚК бас директоры. 

2019 жылдың 25 сәуірінен - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу