Жүнісова Әсел Абылайқызы
Алматы қаласының экс-орынбасары
5085 27.05.19, 15:00
Әсел Жүнісова 1977 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген.
Білімі:
1998 ж. – Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2001 ж. - Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, экономика ғылымдарының магистрі.
2002 ж. – Жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Жапония, Токио), мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолы:
2001 ж. - Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау агенттігінің стратегиялық жоспарлау және бақылау департаментінің жетекші маманы.
2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік қарыз алу және несие беруді жоспарлау департаментінің мемлекеттік қарызды сараптау бөлімінің басшысы.
2003-2006 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Самғау» ұлттық ғылыми-техникалық холдинг» АҚ-да әртүрлі қызмет атқарған.
2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде стратегиялық әзірлемелер және сараптама орталығы секторының меңгерушісі.
2010-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде стратегиялық әзірлемелер және сараптама орталығы секторы меңгерушісінің орынбасары.
2013-2014 жж. - «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары.
2014-2015 жж. - «Нұр Отан» партиясының орталық аппарат басшысы.
2015 жылдың 19 қазанынан – 2019 жылдың 27 мамырына дейін - Алматы қаласы әкімінің экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржылар мәселесі жөніндегі орынбасары.