Жүрсінов Рустам Манарбекұлы

ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

11022
Жүрсінов Рустам Манарбекұлы

Жүрсінов Рустам Манарбекұлы 1976 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

1998 ж. – Қазақ мемлекеттік заң университетінің «заңгер»  мамандығы бойынша бітірген.  

2000 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.  

2013 ж. – «Сколково» (Executive MBA) Мәскеу басқару университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1997-1999 жж. – «GRATA»заң фирмасының заңгері 

1999-2002 жж. – ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары.  

2002-2003 жж. – «GRATA» заң фирмасының серіктесі.

2003-2007 жж. – «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» ЖШС  бас  директоры.

2009-2011 жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.  

2011-2012 жж. – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  Басқарушы директор-Заң департаментінің директоры.  

2012-2015 жж. – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

2015 жылдың 20 қаңтарынан бастап – ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары.

2020 жылдың 24 ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі, 
Еңбек сіңіргені үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Құрмет грамотасы, Еңбек сіңіргені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрінің Құрмет грамотасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президентінің Құрмет грамотасы, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған алғыс хаты.    

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу