Жылқыбаев Ержан Жұматұлы
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
20975 19.03.21, 18:00
Ержан Жылқыбаев 1982 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген.
Білімі:
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
2006 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2003-2004 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінде бас маман.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінде бас сарапшы.
2007 ж. – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің мемлекеттік кәсіпкерлік басқармасының әдіснама және норма шығармашылығы бөлімінің басшысы.
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі.
2009 жылдың наурыз-маусымында – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.
2009 жылдың маусымы – 2012 жылдың қаңтары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары.
2012-2014 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының басшысы.
2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдың мамыры– 2019 жылдың наурызы – Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.
2019 жылдың 26 наурызынан- 2019 жылдың 2 мамыры – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2019 жылдың 2 мамырынан – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.