Зикеев Ерлібек Қырғызбайұлы
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
4928 08.05.19, 19:37
Ерлібек Зикеев 1962 жылы туған.
Білімі:
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2001 жылы Қырғыз-Ресей білім академиясын бітірді, біліктілігі – экономист, заңгер.
Еңбек жолы:
1997-1998 жж. - Жамбыл облысының Қордай ауданы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы,
1999-2006 жж. - Жамбыл облысының Қордай және Т.Рысқұлов аудандары бойынша салық басқармаларының басшысы.
2006-2007 жж. - Қостанай облысы бойынша салық комитетінің басқарма басшысы.
2007-2010 жж. - Рудный қаласы бойынша салық басқармасының басшысы.
2010-2011 жж. - Алматы облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары.
2011-2014 жж. - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары.
2014-2018 жж. - Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2018-2019 жж. - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы.
2019 жылдың 8 мамырынан - Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.