Қазір энергия тапшылығы және жұмыс істеп тұрған қуаттардың тозу көрсеткіші артқан жағдайда қайтадан өзекті болып отыр. Бұл жерде атом электр стансалары әлемдегі ең қауіпсіз әрі ең сенімді энергия көздеріне жататынын атап өткен жөн.
III және III+ буындарының су-су реакторлары ең қолайлы болып таңдалды. Мұндай реакторларда бір-бірін бірнеше дүркін қайталайтын белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері бар. Олар терең эшелондалған апатқа қарсы қорғаныс деп аталады. Қазіргі реакторларда штаттан тыс жағдайдың пайда болу ықтималдығы өте төмен. Бірақ ондай жағдайда да қауіпсіздік жүйелері оның ықтимал салдарын бейтараптандырады.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін