Оны біреу тез салып бітіреді деп айту – үстірт пікір. Себебі құрылыс қуаттарының қазіргі жүктемесін ескеру қажет. Қазір "Росатомның" қуаты толық жүктелген, себебі олар қазір 10 шақты елде атом станцияларын жобалап, салып жатыр. Қытай тез салады деп айту үшін олардың қазіргі өндірістік қуаты қандай екенін нақты білу керек.
Меніңше, қазіргі кезде Қытай қанша реактор шығара алады және оларды қаншалықты жылдам сала алады деген мәселені жіті түсінетін мамандар көп деп ойламаймын. Бұл ретте уақыттың негізгі бөлігін жобалау ғана емес, заңнама талаптарына сәйкестендіру жұмыстары да алады. Біздің заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер "Росатом" жобасына немесе қытайлық жобаға қаншалықты қолайлы екенін де дәл қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Себебі мұнда бұл мәселемен айналысып жатқан осы саладағы мамандардың көзқарасы қажет. Өйткені екі жоба да бағасы туралы айтпағанда, қазір жобалау кезеңіне жеткен жоқ, тек жалпы бір келісімге келдік деген деңгейде ғана тұр. Сондықтан менің ойымша, біреу тез немесе баяу салады деп айту тым ерте әрі үстірт көзқарас.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін