Аи-92 бензинінің бағасы қалай белгіленеді

4378

Аи-92 бензинінің бағасы – Қазақстанда соңғы айлардағы ең өзекті мәселелердің біріне айналды. 

Аи-92 бензинінің бағасы қалай белгіленеді

Бұл мақалада оқырманға Аи-92 бензинінің бағасы қалай белгіленетіні туралы баян еткіміз келеді. Осы жылдың мамыр айының соңында елде Аи-92 бензинінің литрі 155 теңгеден 172 теңгеге қымбаттап шыға келді. Бұл – Қазақстандағы орташа баға. Бүгінгі таңда жекелеген аймақтарда бензиннің литрін 160-тан 180-ге дейін кездестіруге болады. Яғни бензин бағасы сол өңірге мұнай-өңдеу зауытының алыс-жақындығына байланысты айқындалады.

Литрі 172 теңге. Неліктен баға өсті?

Алдымен Атырау МӨЗ өндіретін Аи-92 бензинінің базасында істің мән-жайын зерттеп көруге тырысайық. Шымкент пен Павлодардағы МӨЗ-дердің өнімдері өндіруші зауытқа барынша жақын өңірлерде сатылып жатыр. Бұл ретте ең біріншіден өңірлердегі халықтың тығыздығы да есепке алынатынын айта кету керек. Ал Атыраудағы мұнай-өңдеу зауытында өндірілетін бензин Қазақстанның батысында ғана емес, солтүстіктегі өңірлерге, Нұр-Сұлтан, тіпті Алматы қаласы мен Алматы облысына дейін де жеткізіледі. Яғни Атыраудағы отынның таралу географиясы да ауқымды.

 Осылайша, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бензиннің бағасы ҚҚС-ті есептемегенде литріне 121 теңге немесе тоннасына 163 500 теңгені құрайды.

"ҚҚС-ты есептемегенде бензиннің тоннасы 163 500 теңге" деген нені білдіреді?

 Атырау мұнай өңдеу зауыты шығаратын өнімнің себетін және мұнай мен оны өңдеуге кететін шығындарға арналған барлық өнімдер түрінің бөлінуін ескере отырып, 1 тонна бензиннің құны ҚҚС-ты есептемегенде шамамен 158000 теңге/тоннаны (117 теңге / литр) құрайды.

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына өңдеуге жіберілетін мұнайдың өзіндік құнына жеке тоқталып өтуге болады.

Бұл деректер Argus, Thomson Reuters ақпараттық агенттіктерінің көздерінде жарияланады. Жоғарыда Атырау мұнай өңдеу зауытына 76 500 теңге/тонна көлемінде мұнай жеткізу құны көрсетілген. Бұл тоннасы178,5 долларға немесе баррелі 25 долларға тең.

Салыстыру: Маңғышлақ мұнайының маусым айындағы баға белгілеулеріндегі әлемдік нарықтағы экспорттық құны барлық шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына салықтар мен баждарды және теңіз портына дейін тасымалдау құнын қоспағанда тоннасына шамамен 295 долларды құрады. Бұл шығын 41 доллар/баррельге тең.

Бұл көрсеткіштер мұнай өндіруші компаниялардың 2021 жылғы маусымда мұнайды Атырау мұнай өңдеу зауытына өңдеуге жеткізгенде барреліне 16 доллар немесе тоннасына 115 долларға тең жеңілдік қарастырылғанын айқын көрсетеді.

Яғни, мұнай өңдеу зауытына жеткізілгенде мұнайшы үшін экспортқа тең келетін мұнайдың құны шамамен тоннасына 126000 теңгені құрауы керек.

Мұнайдың бағасы мұндай болғанда АИ-92 маркалы бензинді өндіру мен сату кезінде жоғарыда аталған барлық шығындарды қосқанда біз бензиннің көтерме бағасын тоннасын 232 000 теңге деңгейінде аламыз (айтпақшы, біз осындай бағаны биржалық сауда-саттықта осы жылдың наурыз айының басында көрген едік). Сәйкесінше бензиннің бөлшектік бағасы литріне 205 теңгені құрайды. Егер біз Қазақстан мен Ресей арасында салық жағынан айырмашылық барын ескеретін болсақ, онда Аи-92 бензинінің бөлшек сауда бағасының осы деңгейін Ресей нарығындағы Аи-92 бензинінің ағымдағы бөлшек сауда бағасымен литріне 44,88 рубльмен салыстыруға болады ( 259 теңге/литр).

Сонымен бірге Ресей нарығында жанармайдың бөлшек сауда бағаларының өсуі күтілуде, бұл Ресейдің көтерме сауда нарығындағы биржалық баға белгілеулерінің едәуір артуымен байланысты. Онда шілде айының ортасынан бастап баға белгілері күн сайын өздерінің тарихи биіктерін бұза бермек.

Бірақ бұл баға бүгін де жоқ. Жақын болашақта да әлі көрінбейді. Мұнайшылар өздерінің қолда барын қанағат етіп, шикізаттың әлемдік бағасының өсуін күтіп, ағымдағы шығындарын өтеу үшін елдің ішкі нарығына субсидия беруді жалғастыруда.

Осы шолуда мұнай компанияларының ішкі нарықтағы мұнай өнімдерін субсидиялау механизмін барынша көрсетуге тырыстық. Ерте ме, кеш пе, біздің елдегі жағдай сұранысы мен ұсынысы механизмі 100% жұмыс істейтін кезде орнықты нарықтық қатынастарға түседі.

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу