Бизнесті қорғау жөніндегі VI форумда Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуы талқыланып, сол бағытта Бас прокуратурамен бірлескен іс-қимыл жоспары белгіленді.
Бізге келіп түскен өтініштерден бақылаушы органдар қызметінің жазалау сипаты сақталалғанын байқауға болады. Негізінде бизнестің қылмыстық процеске қатысын бағалау кезінде талдау 8-тарауда баяндалған ҚК-нің 34 құрамы бойынша жүргізіледі. Оларға баса назар аударылатындықтан, оң нәтижелерге жетіп отырмыз. Атап айтқанда, 2015 жылдан 2020 жылға дейін экономика саласындағы қылмыстық істерді тіркеу 6 есе қысқарды.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте кәсіпкерлерге өзіндік әсерін тигізетін тағы 84 бап бар. Нәтижесінде бізде бизнес туралы жалпы 118 бап бар.
Оларға, мысалы, коммерциялық ұйымдарда "өкілеттіктерді теріс пайдалану "(250-бап), "сапасыз құрылыс"(278-бап),"басқаның мүлкін иемдену" (189-бап) және басқалар жатады.
Кейінгі кездері осы 118 бап бойынша қылмыстық істер мен сотталған адамдардың санының жыл сайынғы өсу үрдісі байқалады.
Мәселен, 2020 жылы 51,3 мың қылмыс пен 3,9 мың сотталған адам тіркелді.
2021 жылы 58,5 мың қылмыс тіркеліп, 5,1 мың сотталған адам болса, өсім тиісінше 14% және 30%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер қылмыстық қудалау органдары тарапынан бизнеске қысымының артуын көрсетеді. Алаңдатарлық жағдай.
Бас Прокурор атап өткендей, қылмыстық орбитағы заңсыз тартудың жолын кесуден бастап әкімшілік кедергілерді қысқартуға дейін бизнесті кешенді прокурорлық қорғау қолға алынады. Прокуратура тарапынан мұндай қолдау бизнес-қоғамдастықты қуантатыны сөзсіз.
Біз Бас прокуратураға сотқа дейінгі тергеулерді өз бақылауына алып, тиісті нұсқау бергеніне алғыс айтамыз. Бұл өте жақсы бастама.
ҚІЖК мен Бас прокуратураның СДТБТ бойынша бұйрығы деңгейінде нұсқауға енгізілген қорғаныс тетіктерін бекітіп, одан әрі дамыту арқылы алға қарай тағы бір қадам жасауды ұсынамыз. Осыған байланысты тиісті түзетулерді әзірлеу үшін жұмыс тобын құруға болады. Біз өз тарапымыздан нақты ұсыныстар енгізуге дайынбыз.
Өңірлерде де жағдай мәз емес. Ондағы бизнес тап болған мәселелер негізінен әкімдіктермен байланысты. Мысалы, Павлодар облысында әкімдіктің тексеру комиссиясы бір компаниядан ("G reenhouse-Qaztomat" ЖШС) жұмыстың орындалғанына қарамастан 2,4 млрд теңгеден астам көлемде субсидияны қайтаруды талап еткен. Жылыжай кешені салынды, жұмыс істеп тұр. Әкімдіктің мұндай қисынсыз әрекеттерімен, әрине, дауласуға болады, бірақ шенеуніктердің формализмі нақты істі бұзады. Әкімдіктердің мұндай орынсыз әрекеттерін прокуратура органдары жіті бақылауына алу қажет деп санаймыз.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін