Аквакультурадағы ең өзекті мәселе – балықтың азығы

Жалпы, балық шаруашылығын екіге бөліп қарау керек. 

Аквакультурадағы ең өзекті мәселе – балықтың азығы

 

Кәсіпшілік балық аулау және қолдан балық өсіру, яғни – аквакультура. Бірінші, қолдан балық өсіруді қарастырайық. Қазіргі уақытта, мұндағы ең өзекті мәселе – балықтың азығы. Яғни, сапалы жемінде болып отыр. Қазақстанға негізінен бахтақ және бекіре балықтары үшін жем шетелден импортталады. Ол өз кезегінде логистикасы бар, басқа салықтары бар, соның салдарынан бағасы қымбат. Және де әлемдегі ахуалға, доллардың қымбаттауына, теңгенің құлдырауына байланысты оның бағасы әркез өсіп тұрады.

Сонымен қатар, уақытылы тұрақтылық жоқ, жеткілікті көлемде Қазақстанда жемнің болмауынан балық өсірушілер үшін тапшылық туындауда.

Үкіметтің 2021-2030 жылдарға арналған "Балық өсіру бағдарламасына" сәйкес, 2030 жылы 270 000 тонна тауарлы балық өсірілуі керек. Бірақ, межелі индикаторға жету үшін балық жемінен бөлек кадр мәселесі, қажетті жабдықтардың тапшылығы өз әсерін тигізуде. Аквакультура саласына қомақты қаржы құйған көптеген шаруа тиісті мемлекеттік субсидияны ала алмауда. Құзырлы органдар осы мәселеге назар аударуы қажет. Аталған өзекті мәселелер өз шешімін тапса, еліміздегі аквакультура саласының болашағы зор екеніне күмәнім жоқ.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу