Әлеуметтік көмек жүйесінің бағыты дұрыс, бірақ мінсіз емес

2112

Жалпы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарды үш категорияға бөліп қарастыруға болады. 

Әлеуметтік көмек жүйесінің бағыты дұрыс, бірақ мінсіз емес

Біріншісі - аз қамтылған отбасылар, әсіресе өмір сүруге керек негізгі қажеттіліктерін жаба алмайтын, балалары бар отбасылар. Осы орайда кедейшілік деңгейінде өмір сүретін балаларды бөлек атап өткім келеді, аталмыш мәселеге ден қоймасақ, алдағы 20-30 жыл қатты жапа шегуіміз әбден мүмкін. 

Екінші категория ол - жұмыссыз немесе табыстары тұрақты түрде төмен азаматтар. Бұған қоса тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен азық-түліктің соңғы жыллда едеуір қымбаттағын, ресми деректерге сәйкес, 8,4 млн азаматтың несие бойынша борышы барын ескерсек, олардың жағдайы қиындай түскенін байқауға болады.

Үшіншісі - зейнеткерлер, әсіресе жалғызбасты және мүгедектер, оларға негізгі күнделікті қажеттіліктерден бөлек тұрақты түрде медициналық көмек пен дәрі-дәрмек қажет.

Яғни Қазақстандағы барлық әлеуметтік төлемдер негізінен осы топтарға арналады. Әлеуметтік көмек жүйесінің жалпы бағыты дұрыс болғанымен, мінсіз емес.

Әсіресе, коронавирус кезінде мемлекет осал топтағы жандарға 42500 теңгеден таратты, дәл сол сәтте жүйедегі біраз ақауды көзіміз шалды. Ал осы проблеманың алдын алу үшін, біріншіден, шынымен көмекке мұқтаж таргетті топты анықтау керек. Екіншісі – әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекет тарапынан оперативтілігі көтеріп, бюкратия көлемін азайтқан жөн.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу