Сонау сақ дәуірінен салтанаты сарқылмаған, оғыз дәуірінің ордасы тігілген, біздің мемлекеттігіміздің тарихындағы небір тағдыршешті шешімдер қабылданған Қызылордада бесінші жиынның өтуі маңызы зор. Қызылордаға табанымыз тигеннен бері қаланың экономикалық дамуы, жалпы осы өңірдің даму көрсеткіштерін көріп, көңілге тоқып, бүгінгі таңдағы өңірлерді дамыту стратегиясының өнегесі боларлықтай өңін екендігіне көзіміз жетіп жатыр.
Құрылтайдың өту тәртібіне сай, секциялық жұмыстар өтті. Мәдени даму секциясында әріптестерімізбен бірге ойды ортаға салып, біраз мәселелерді көтердік. Әрбір құрылтай мүшесі тек тыңдауға ғана емес, өзінің ұсыныстарын ортаға салуға келеді. Мен де өз ұсыныстарымды секциялық жұмыс барысында айтып өттім. Бүгінгі қоғамда біз әлеуметтік мәдениеттің жоғарылауына мән беруіміз керек. Өйткені мемлекеттің дамуының өміршеңдігі мәдени дамудың көрсеткішіне тікелей байланысты. Яғни, заң бар жерде тәртіп болу керек. Ал тәртіп бар жерде мәдениет дамуы керек.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін