Астанада қытай мәдени орталығы ашылады

1164

Қытай Халық Республикасының көшбасшысы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында мәдени-гуманитарлық бағыт бойынша келісімдерге қол қойылды. 

 Астанада қытай мәдени орталығы ашылады

Атап айтқанда, Астанада қытай мәдени орталығын және Бейжіңде – қазақ мәдени орталығын ашамыз. Заң қазірдің өзінде ратификацияланған және іске кірісе аламыз. Бұл Қазақстан-Қытай қатынастары тарихында тұңғыш рет болып отыр. Алғаш рет мұндай ынтымақтастық институционалды түрде жүзеге асырылуда және әрине, бұл мәдени орталықтар екі ел халықтарының бір-бірімен жақынырақ танысуына ықпал етеді.

ШЫҰ-ға төрағалық ету және тұтастай алғанда ШЫҰ ұйымына кіретін елдердің өзара іс-қимылы бірқатар мәселені шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, біздің министрлік серіктестермен өте тығыз қарым-қатынаста және біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететін бірлескен жобалар пайда болуда. Кеше біздің көшбасшыларымыз Қытай мен Қазақстанның өзара іс-қимылы жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін, бұл біздің елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа дәуірі екенін растады. Сондықтан бәрі, ең алдымен, мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтініне және қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне байланысты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Silk Way телеарнасына берген сұхбатынан үзінді

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу