Ауыл шаруашылығы саласының ең өзекті мәселесі – тиімділіктің төмендігі

Мал және егін шаруашылығымен бірге қызмет көрсету саласы да ауыл шаруашылығы саласының құрамына кіреді. 

Ауыл шаруашылығы саласының ең өзекті мәселесі – тиімділіктің төмендігі

 

Ал ауыл шаруашылығының ең өзекті, ең бірінші, ең басты мәселесі – тиімділіктің төмендігі. Тиімділік деген қарапайым сөзбен айтқанда – пайда. Өнімді сатып, қолдан-қолға алған ақшадан бүкіл шығынды алып тастағандағы пайданы тиімділік деп есептейміз.

Осы тиімділіктің деңгейі ауыл шаруашылығында өте төмен. Оны неге әдейі бөлек бөліп айтып отырмын? Неге десеңіз, қазір мал шаруашылығына қатысты "сиыр еті қымбат" деп біреулер айтып жатыр, енді бірі "фермерлерге, ауыл тұрғындарына көп ақша барып жатыр" дейді. Ол – бос сөз. Фермерлердің қолына таза 6 мың теңге түспейді. Одан ең бірінші шығындарды алып тастау керек. Ең бірінші шығыны –мал азығын сатып алу. Қарапайым сөзбен айтқанда – шөп. Шөптің бағасы өте қымбат. Одан кейін қызмет көрсететін жүйе – оның ішінде заңсыз, көлеңкелі делдалдар өте көп. Тіпті, еттің бағасы базарда 10 мың теңгеге барсын, 15 мың теңгеге барсын. Егер де сол 10 мың теңгенің 9 900 теңгесі шығын болса, ол фермерге не пайда бар? 15 мың теңгенің көбі шығынға жұмсалса, одан не пайда болады?

Ауылдағы еңбеккерлерге, фермерлерге, ауыл тұрғындарына, отбасылық қосалқы шаруашылықтарға мұнан пайда жоқ. Сондықтан, өзекті, ең басты мәселе – тиімділіктің төмендігі.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу