Ауыл тұрғынына 1 теңге бөлінсе, қалалыққа 20 теңге беріледі

186

Урбанизация міндетті түрде болады. Бұл – табиғи процесс. 

Ауыл тұрғынына 1 теңге бөлінсе, қалалыққа 20 теңге беріледі

Адамдардың жайлы тұрмысқа, жақсылыққа ұмтылғаны дұрыс. Бұл – әлемде жүріп жатқан құбылыс. Ауылдың тұрмысын түзеу керек. Ауызсудан бастап, жарық, интернет, т.с.с. Егер ауылдарды қалаға айналдырмасақ, қалалар ертең ауылға айналады.

Осы тұрғыда нақты жұмыстар атқарылуы керек. Әлі де қала мен ауылдың арасын салыстырсаңыз, қаладағы бір адамға шаққандағы шығын ауыл тұрғынына қарағанда 20 есе көп. Демек, ауылға 1 теңге бөлінсе, қалаға 20 теңге беріледі. Әрине, қалаларды дамыту керек. Бірақ, ауылдар – біздің діңгегіміз, түп-тамырымыз. Тірек ауылдар бар, серік ауылдар бар солардың барлық саны – 3500.

Мемлекеттің қаражаты "Жайлы мектеп", қандай жоба болмасын сол ауылдарға бағытталып жатыр. Ол дұрыс та. Көптеген ауылда, әсіресе Оңтүстіктегі, қала маңында орналасқан ауылдардың жағдайы жаман емес. Бұл жерде шалғай ауылдардың жайы алаңдатады, шекараға жақын ауылдардың халі мүшкіл.

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу