Қазақстандықтардың ас талғағыштығы Food & Beverage желісін дамытуда

11912

Қазақстандықтардың гастрономиялық тәжірибелерін кеңейтуге деген талпынысының артуы Food & Beverage секторын дамытуға сеп болуда.

Қазақстандықтардың  ас талғағыштығы Food & Beverage желісін дамытуда

Соңғы кездері Қазақстанның ірі қалаларында Food & Beverage операторларының жақсы дамып келе жатқаны байқалады. Бұл беталысты street retail форматындағы ғимаратқа деген сұраныстың артуынан байқауға болады. Colliers International кеңсесіне сапалы ғимарат іздегендерден түскен өтініштер саны күн санап өсіп келеді.

"Печь", "Пушкин", Saint Pierre,  J.Z.Peking Duck, Coffee Boom, Lanzhou және Mercado сияқты нарыққа жаңа қатысушылардың  келгені де елеусіз қалып жатқан жоқ. 2018 жылы Астанада өз ісін бастаған желілердің арасында Bouleverdier, Severny, "Лепрекон", "Гастроли" және Felice бар. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған желі ойыншылары ұлғайып келе жатыр.

Қоғамдық тамақтану орындарының санымен бірге олардың жұмыс сапасы жақсарып, ұсынылатын тағамдар мен сусындардың қатары өсуде. Мұның барлығы – заманауи тұтынушылардың бос уақытты өткізу және демалыс орындарымен байланысты барлық саладан барынша әсер алуға деген ұмтылысы.  Осыған байланысты аталған сегменттегі қылаң еткен трендтерді көруге болады.

Олардың алғашқыларының қатарына "ас талғағыштықты" жатқызар едім. Өйткені қазір тұтынушылардың жаңа кулинарлық тәжірибені көруге деген қызығушылығы үлкен. Екінші үрдіс  – азиялық ас мәзіріне сұраныстың артуы. Үшінші трендті масс-маркет тұжырымдамасының дамуынан көруге болады. Яғни әртүрлі ас мәзірін ұсынатын қымбат емес мейрамхана мен дәмханалар сұранысқа ие болуда.

Толыққанды сауда-ойын сауық орталықтарының (СОО) дамып жатқанына және жаңа жобалардың пайдалануға берілгеніне қарамастан, street retail сегментінің нарығы әлсіремей, өзіне деген сұранысты сақтап қалады. Сонымен қатар Food & Beverage көше саудасы бағытын дамытуға бастапқы тұрғын үй нарығы әсер ететінін ескерген жөн. Өйткені әрбір жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында коммерциялық нысан бар.

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу