Сол сияқты дәстүрлі компаниялар өз қосымшалары арқылы банктік қызметтерді ұсынып жатыр. Бұған екі ірі мегатренд әсер етіп отыр.
Біріншісі – жасанды интеллект. Ол біздің өмірімізге белсенді түрде еніп, бұл банктерге қатысты көзқарасты ғана емес, банктердің ішкі құрылымын да түбегейлі өзгертуде.
Екінші мегатренд – криптовалюта мен цифрлық активтер түріндегі баламалы қаржы экожүйесінің пайда болуы. Қазір орталық банктер өздерінің цифрлық активтерін шығарып жатқанын байқауға болады. Өз кезегінде бұл да банк жүйесінің келешегіне айтарлықтай ықпал етіп отыр.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін