Банктер ставканы көтергеніне қарамастан, халық несиені көптеп алып жатыр

1780

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5%-дан бірден 16%-ға көтерді. Экономистер тарапы қаржы регуляторының бұл әрекетін сынға алып жатыр. Әйткенмен, Пірматовтың өз дәйегі бар. Әдеттегідей инфляция үрдісіне сілтеген ол базалық мөлшермелені көтеруден басқа амал жоқ дегенге келтіреді.   

Банктер ставканы көтергеніне қарамастан, халық несиені көптеп алып жатыр

Ұлттық банк мобилизация әсерін жасырып отырған жоқ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін экономистер мен сарапшылардың басын қосып, жасалған қадамның дұрыстығын дәлелдеуге тырыты. Қаржы регуляторы ең бірінші кезекте, инфляция үрдісін алға тартты. Қазақстанда инфляция көрсеткіші 15,7% дейін шарықтаған. Осы себепті Ұлттық банк өкілдері инфляция қысымы халықтың арасында басым болып бара жатқанын мәлім еткен.

Инфляцияның орын алуына негізгі себебі бар. Әдетте, жылда қыркүйекте инфляция мөлшері аз болатын. Күзде жеміс-жидек пісіп, тауардың көп түрі керісінше арзандап жатады сол уақыттарда. Соған қарамастан, инфляцияға қыркүйекте ең негізгі әсер еткен фактор – мобилизация. Ресейден өте көп азаматтардың келуі біздегі тауарлардың қымбаттауына әсер етеді. Соның ішінде өздері айтып отырғандай, жалға берілетін пәтерлердің бағасының бір айлық көрсеткіші 30% өсіп кеткен. Мұның бәрін олар (Ұлттық банк) жоққа шығарып отырған жоқ. Осының салдарынан инфляция шарықтап кетті.

Экономистер Ұлттық банкті сынап жатыр

АҚШ-та доллардың пайыздық мөлшерлемені көтере бастаған. Бұған дейін ол мөлшерлеме 0,25% ғана көтеріліп келсе, бұл жолғы 0,75%-ға бірден көтерген.

Ол доллардың қатты қымбаттауына, күшеюіне әсер етеді. Еуро неліктен арзандады. Неліктен әлем елдерінің валюталары долларға қарағанда әлсіреп барады. Бәрі де доллардың пайыздық мөлшерлемесінің көтерілуіне байланысты.

Ұлттық банк осы себептердің бәрін тізе келе қатаңдатылған саясат жүргізу жөн деп шешкен. Ұлттық банктің бұл әрекетін  "ақтауға да, даттауға да болады".

Өйткені 14,5%-дан бірден 16%-ға көтеру – үлкен пайыз. Жыл басынан бері Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеру тарихына мән берсеңіз, 4 мәрте көтерді. Көбінде пайызды қатты өсірмей көтеріп келе жатқан. Ал бірден 1,5% көтеріп тастап отыр. Сарапшылар тарапынан бұл қадам сынға ұшырады. Экономистер 0,75%-бен екі бөліп көтеру керек еді деп жатыр.

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі: Халыққа әсері қандай

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі ең бірінші кезекте, несие пайыздарын қымбаттатады. Ұлттық банк сол арқылы жалпы халықтың несие алу қарқынын төмендетуді көздеп отыр.

Алайда жыл басынан бастап қарасақ, базалық мөлшерлеменің көтерілгеніне қарамастан, халықтың несие алуды доғаратын емес. Пайызының қымбат болуына қарамастан алып жатыр, алып жатыр. Осындай сценарийді көріп отырмыз. Егер несие алу үрдісі азайса, онда тауарларды сатып алуды азаматтар кейінге қалдыруы мүмкін. Өйткені несиенің пайыздары жоғарылап кетсе, азаматтар "үлкен пайызбен несиені қазір алғаным тиімсіз" деп ойлауы мүмкін. Артынша, тауарларды сатып алу үрдісі бәсеңдейді. Сөйтіп, Ұлттық банк инфляция төмендейді деген позицияны ұстанып отыр.

Базалық мөлшерлемені көтерудің  жағымжы тұсы – теңгеге күш беретіні. Соңғы уақытта айырбастау пунктерінде теңгенің күшейіп қалғаны байқалады.

Депозитте теңгемен ақшаны ұстау тиімдірек болады. Депозиттердің де пайызы өседі. Депозитте кімнің ақшасы болса, жоғары пайызбен сыйақы мөлшерлемені ала алады. Демек, кімнің ақшасы бар, солар депозиттен ақшаны шешуге ынталы болмайды.

Бизнеске берілетін несие де қымбаттайды

Базалық мөлшерлеменің көтерілуінің тағы бір салдары – бизнес үшін де несиенің қымбаттайтынында , бизнес өкілдеріне берілетін несие ставкасы Қазақстанда онсыз да қымбат болған. Енді тіпті қымбаттай түседі.

Сол базалық мөлшерлеменің жоғары болуы елдегі экономикалық өсімге де кері әсерін тигізеді. Экономикалық өсімді тудыратын – іскерлік орта. Ал іскерлік орта айналым қаражатын арттырып, өндірісті кеңейткісі келеді. Ал қараса бәрі қымбат: яғни олар да несиеден бас тартады. Тиісінше, ол жағдай экономикалық өсімге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да Үкімет тарапы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтере бергеніне де сын айтатыны бар. Экономикалық өсім тежелсе, макроэкономикалық көрсеткіштер төмендейді. Мінекей, базалық мөлшерлеменің ел экономикасына осындай әсерлері бар.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу