Барлық университетті апаттан зардап шеккендерді қолдауға шақырамын

Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуін тыңдап шықтым.

Барлық университетті апаттан зардап шеккендерді қолдауға шақырамын

Ашығын айту керек, қазіргі таңда қиын жағдайда қалған халқымызға жылы сөз өте маңызды.

Президенттің тапсырмасымен халыққа көмектесу үшін үкімет мемлекеттік материалдық резервті пайдаланатын болды. Сондай-ақ шығындарды өтеуді толығымен үкімет жауапкершілікке алады.

Апаттық жағдайда еліміздің бірлікте болуы, ал қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауымыз керек. Біз де өз тарапымыздан университетіміздің атынан көмек қолын созуға дайын екенімізді білдіргім келеді. Арнайы қорларға қаражат аударамыз деп шешім қабылдадық.

Барша университеттерді осындай апатты жағдайда қолдауға шақырамын!

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу