Базалық мөлшерлеменің жоғары мәні кезінде ипотека да қымбат

166

Жеті жыл уақыт өтті. Тұрғын үй нарығындағы жағдай өзгерді. Бағалар қымбаттады. 

Базалық мөлшерлеменің жоғары мәні кезінде ипотека да қымбат

Жеті жыл уақыт өтті. Тұрғын үй нарығындағы жағдай өзгерді. Бағалар қымбаттады. Сондықтан дәл қазір осы лимиттерге "7-20-25" бағдарламасы бойынша көп үйлер ілінбей қалып жатты. Халықтың да сұранысы ескеріле отырып, лимиттер бес миллион теңгеге дейін көтерілді. Бұл енді "7-20-25" бағдарламасының анағұрлым қолайлы болуына көмектеседі және оған барынша көбірек азаматтарға қажет баспана алуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл бағдарламаның жылдық қаржыландыру көлемі өскен жоқ. Қалай 100 млрд болып тұр, солай қалды. Демек бұл тұрғын үй нарығына инфляция және басқа да белгілі бір жағымсыз әсерлер бойынша ешқандай ықпалы болмайды. 

Базалық ставканың жоғары мәні кезінде ипотека да қымбат. Бірақ жеңілдетілген ипотеканың халықтың барлық таптарына берілуі ол біздегі инфляцияға зиянын тигізеді және инфляцияны өршітеді. Сондықтан жеңілдетілген мемлекеттің ипотекасы шынымен де мұқтаж белгілі бір әлеуметтік әлсіз топтарға берілуі керек, адресті болуы керек. Ал қалған халық ипотеканы нарықтық механизмдермен алуы керек. Сол кезде ғана біздегі экономиканың нарықтық рельстері өз орнына түседі.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу