Үй қымбаттайды
Кез келген дүниенің екі жағы болады ғой. Пайдалы тұстары да бар. Жыл бойы елімізге туристерді тарта алмай жүреміз. Сондықтан, бұл тұрғыда келетіндер қонақ үйлерге келіп, жеткен адамдар әр орындарды аралауы мүмкін. Бәлкім, ресейліктердің жаппай келуі қызмет көрсететін компанияларға пайдалы болуы ықтимал. Қосымша сұраныс пайда болады. Қызмет көрсету саласында тірілу пайда болады. Бір жағынан осылай көрінеді.
Дегенмен, зиянды тұстарын ашып айтуымыз керек. Жыл басынан бері алты айдың ішінде 550 мыңнан адам келді деген дерек шыққан.
Ресми мәліметі сондай, ал бейресми түрде келіп жатқандар қаншама!? Одан кейін ол азаматтар келген соң міндетті түрде осы жерде пәтер жалдайды. Бұл жағдай пәтер ақысын бірден қымбаттатады. Сөз жоқ. Олар бірден келіп, осы жақтан жылжымайтын мүлік сатып ала бастайды. Ресейдің ауқатты азаматтары керек десеңіз, жыл басынан бастап келе бастаған. Алатын мүлкін алып қойған. Осы тұрғыдан келгенде ресейліктердің жаппай көшуі үй бағасының қымбаттауына апарып соғады. Сондықтан бұл үдеріс халық үшін жақсы деп айта алмаймын.
Жұмыссыздар саны артады
Ресейден келгеннен кейін көбі осы жақтан жұмыс қарайды. Мақсат Халық демек келген ресейліктер жергілікті халықтың жұмысына таласатынын атап өтеді. Ресейден келген адамдардың белгілі бір деңгейде біліктіліктері жоғары болып шығуы мүмкін. Еңбек нарығында яғни үлкен проблема туындайды. Қазақстанның өз азаматтары онсыз да шекесі қызып жүрген жоқ. Жығылғанға жұдырық болып, бұл жағдай жұмыссыздықтың артуына ықпал етеді.
Қазірдің өзінде үй бағасының қымбаттап бара жатқанын көріп отырмыз. Бір мезетте көп адамның келуі – жақсы сценарий емес. Ресейдегі ішінара мобилизациядан кейін Ресейден бері келетін ұшақтарда билет жоқ. Келіп жатқан адамдар өте көп. Бұл үрдіс жақсы салдарға әкелмейді. Бұл жерде ұлттық мүддені алға тарту керек. Билік тарапынан нақты шектеулер болуы керек.
Әлемге керексіз рубль көбейеді
Ресейліктер келгенде өзімен бірге рубльдерін алып келеді. Экономистің айтуынша, бізде онсыз да жыл басынан бастап рубльдің қордалануы көп. Енді рубль тіптен көбейеді. Бұл – біздің қаржы жүйесіне қосымша проблема. Осындай қиындықтар туып жатыр.
Қазақстан санкцияларға ілініп қалуы мүмкін
"Бұл жағдайдың балама қаупі – еліміздің санкцияға ілініп қалу қаупін де үдетеді. Ондай салдарын біз жоққа шығармаймыз.
Сонымен бірге белгілі бір деңгейде ел ішінде мәдени қақтығысқа да апарып соғуы ықтимал. Ол жақтан келген орыстар сол жердің түсініктерімен, ойларымен келеді. Жергілікті халықпен санаса ма, жоқ па – ондай мәселелер де бар.
Қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Сондықтан, біздің үкімет бірден реакция білдіруі керек деп ойлаймын. Келіп жатқан рубльді шектеу, адамдар қарқынын шектеу және оларды тексеру мәселесін алдыңғы қатарға қою керек. Еуразиялық экономикалық одақта отыр екенбіз деп, бәрін ашып, мүддемізді жіберіп алатын жағдайда болмау керек. Ұлттық қауіпсіздік қатер төндіреді бұл жағдай. Украина мен Ресей бауырлас ел деген күннің өзінде олар қазір соғысып жатыр. Біз оның жанында Қазақстан Ресейге бауырлас ел емес қой. Бізде идеологиялық, мәдени тұрғыда қарама-қайшылықтар орын алуы мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін