Біз әлі ескі-құсқы технологияларды жамап-жасқап жүрміз

168

Бүгінде Қазақстан ресурстық әлеуеті бай ел болса да, энергетикалық жүйеміздің беріктілігі ең төменгі минимумға жеткен.    

Біз әлі ескі-құсқы технологияларды жамап-жасқап жүрміз

Яғни, еліміз нақты түрде энергетикалық шекке тіреліп отыр. Өйткені  ескірген технологиялармен жұмыс істейтін энергетикалық нысандар мен инфрақұрылымдар физикалық жағынан әбден тозған. Олар уақытында заманауи технологияларды пайдалану арқылы жаңартылмаған.

Мысалы, мұнай-газ саласын айтпағанда, көмір қоры 33 млрд тоннаға бағаланады және оны тиімді пайдаланса, үш ғасырға жетеді. Көршілеріміз көмір отынын пайдаланатын, экологиялық таза және маневрлік генерацияны игеріп кетті. Біз әлі зиянды және тиімсіз ескі-құсқы технологияларды жамап-жасқап жүрміз.

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жылу-электр орталықтарының құрылысы осы уақытқа дейін қандай себептермен басталмаған? Екібастұздағы ГРЭС-2-ні кеңейту жобасының қазіргі мәртебесі қандай және ГРЭС-3 құрылысы қашан басталады? Курчатов қаласында электр станциясын уақтылы іске қосу үшін қандай нақты шаралар қабылданып жатыр? Ұлттық жоба аясында экологиялық жүктемені төмендету мақсатында көмір генерациясының қандай заманауи технологиялары енгізіледі?

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу