COVID-19-бен ауырғандар кардиологқа міндетті түрде қаралуы керек

2128

Коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырғандардың ағзасындағы асқынулар белгілі бір уақыттан кейін байқалуы мүмкін. Сондықтан емделгеннен кейін электрокардиография, жүректің ультрадыбыстық диагностикасын жасап, қабыну маркерлеріне анализ тапсырып, кардиологқа барып қаралған жөн.  

COVID-19-бен ауырғандар кардиологқа міндетті түрде қаралуы керек

Соңғы 2-3 жылда коронавирустың өзіне қарағанда оның әлдеқайда күрделі ағымы және індеттенн кейінгі синдром туралы жеткілікті ақпарат жинақталды. Ауырғаннын кейін аса жиі болатын  асқынуларға бүйрек, бауыр, жүрек және шеткі қан тамырларының зақымдану симптомдары кіреді. 

Зерттеулерге сүйенсек асқынулар кешірек пайда болады, ол жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары ауырсыну, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары түрінде байқалады. Бірқатар зерттеушілер инфекция кезінде пациенттердің 7,3%-ында спецификалық емес жүрек соғыстары, COVID-19 шалдыққан пациенттердің 16,7% -да аритмия дамитындығы байқалғанын жазады. 

Пандемияның алғашқы толқынында инфекция тек тыныс алу ағзаларының жүйесін зақымдады, алайда мутация барысында жүрек-қантамыр жүйесін қоса, басқа да ағзалардың зақымдануы туралы жарияланымдар пайда бола бастады, себебі гипоксия мен қабыну көріністері миокард пен коронарлық тамырларға ауысты. 

Вирустық инфекция көбіне миокардты зақымдайды. Миокардтың қабыну реакцияларының көріністері жүрек бұлшықетінің зақымдану мен интоксикацияның ауырлығына, сондай-ақ ағзаның иммундық жүйесіне байланысты. Егер миокардитті емдемесе, онда кардиомиопатия, өмірге қауіпті аритмия, қанның ұю салдарынан тромбтардың пайда болуынан кенеттен өлімге әкелетін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Жүрек соғысы мен ентігудің пайда болуы миокардтың қабыну реакциясының бар екендігін білдіреді. Пациенттер, әдетте, коронавирус инфекциясы кезіндегі әлсіздік, уыттану деп есептейді де, назар аудармайды.  Олар дәрігерге дер кезінде қаралмай, тексерілмей, өз бетінше емделумен айналысады. Жеңіл симптомдар мен көріністерге көңіл бөлмеу аурудың әрі қарай асқынуы мен өршуіне алып келеді. Бұл тек жүрек қана емес, сондай-ақ полиоргандық жеткіліксіздікке алып келуі мүмкін.

Қытай ғалымдарының зерттеулерінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі COVID-19 емделуге жатқызылған пациенттердің 23%-да байқалды. АҚШ-да клиникалық айқындалған жүрек кемістігі COVID-19 шалдыққан пациенттердің 42%-да болды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттердің 72%-ында емделуге жатқызылғаннан кейін 1,5 күннен соң өкпенің жасанды желдеткішіне қажеттілік пайда болды.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу