Мен де мұндай нәрсені "жасағым" келмейді. Ондай жұмыстың мәні жоқ. Сондықтан өзім байқаған дүниелерді төменде жаздым:
1. Егер сіз мен сияқты тәтті тағамдарды жақсы көрсеңіз, жаңа жылға дейін Bounty шоколадының дүкен сөресінен көрінбей кеткенін байқаған шығарсыз. Филлипин аралдарында тайфун болып, салдарынан 50 млн-ға жуық кокос ағашына зиян келді. Осыған байланысты Mars концерні әлемде Bounty тасымалына шектеу қоятынын мәлімдеді. Өкінішті жағдай. Жаһандану ғой.
2. Дәнді кофенің 1 келісі 7 мыңнан 11 мыңға дейін өсті (+57%). Кофе/капучиноға тапсырыс беріп жүрсеңіз, бағаның өскенін байқаған шығарсыз. Кофенің 90% елімізге Ресей порттары арқылы жеткізіледі. Кофе тасымалы шектеулі, әлемде құрғақшылық салдарынан егін шықпады. Сондықтан кофеге сұраныс артты. Осыған байланысты алдағы уақытта кафе мен кофеханаларда кофе 2 есе қымбаттауы мүмкін. Орташа чек те төмендейді. HoReCa саласын қиын кезең күтіп тұр.
3. Қағаз бойынша жағдай түсінікті. Жақында Ресейде бір бума қағаз 6-9 мың теңгеге дейін қымбаттайтынын жазғанмын. Бізде бұл өнімнің бағасы 3 мың теңгеге дейін өсті.
4. Санкция бізге де әсерін тигізеді. Мұны көптеген сарапшы, жолдастарым мен таныстарым түсінбейді. Менің ойымша, биыл немесе алдағы жылы әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін. Әлеуметтік желілер арқылы кәсібін жүргізіп отырғандар мұны назарға алуы керек.
5. Пәтерді жалға беруге қатысты көптеген сұрақ бар. Біріншіден, барлығы қымбаттап жатыр, оның ішінде пәтерді жалға беру де бар. Екіншіден, халықтың төлем қабілеті төмендейді. Осы жағдайларға байланысты Қазақстанда жұмыссыздық көбеюі мүмкін.
Үшінші жағдайға тоқталайын. Ипотека алып, табысының жартысын кредитке беріп отырған адамдар не істейді? Бұл туралы көп адам ойланбаған шығар. Мысалы, мен 2015 жылы ипотека рәсімдедім. Басында саған жалақыңның 50% төлеп отыру, оңай сияқты көрінеді. Кейін сен ақшаны бұрынғыдай жұмсай алмайтыныңды түсінесің.
Күнделікті тұрмысқа қажет заттар 2 есе қымбаттап жатқанда ипотека алған адамдар не істейді? Олар туыстарына бара ма, басқа қалаға көшіп кете ме, әлде пәтерін жалға бере ме?
6. Егер сіз сауда орталығына болсаңыз, ондағы жаңа киімдердің бағасын көріп, жағаңызды ұстайсыз. Кейін азық-түлік және тағы басқа заттардың бағасы өсетінін түсінесіз.
7. Демек бізде сұраныс айтарлықтай төмендейді. Мұны адамдар жаздың ортасына қарай түсінеді деп ойлаймын. Күзге қарай дағдарыс болуы ықтимал. Бірақ ол бұрынғыдай 1-2 жылға созылмайды.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін