Дизель отыны нарығы бойынша болжам

2600

Қыркүйекте уәкілетті органдар дизель отыны нарығындағы жағдай шиеленісуі мүмкін деген болжамдарды ескере отырып, Павлодар мұнай -химия зауытының жоспарлы жөндеуін 2022 жылға ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда. 

Дизель отыны нарығы бойынша болжам

Жөндеу мерзімі 24 қыркүйектен қазан айының басына ауыстырылды. Нәтижесінде секторда айтарлықтай өзгеріс болмайды деп болжауға мүмкіндік береді. Яғни, қыркүйекте ішкі нарықта дизель отыны жеткілікті болмақ.

Әрі қарай не болады?

Жоспарланған жөндеуді 2022 жылға шегеру мүмкіндігіне қатысты біз зауыт пен оның акционерлерінің шешімдері мен қорытындыларын күтеміз. Бұл шара барлығын біржақты шешуге және отын тапшылығының тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Алайда Павлодар мұнай-химия зауытының технологиялық қондырғылары күзгі-қысқы кезеңнен кідіріссіз өте ала ма?

Бірақ мәселенің салдарымен күрескенше, оның алдын алу әлдеқайда тиімді емес пе?

Қазақстанда жанар-жағармайдың нарықтық бағасы туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Шекаралас аудандарда жанармай ағыны өзекті болып қала береді. Ел ішінде бағаны көтеруге қатысты сауалдар шешілмейінше, нарықта қалыптасқан жағдайдың салдарымен күресу тапшылық тәуекелдерін жоюдың жалғыз шешімі болып қала береді.
 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу