Егемен әрі тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге жетілу бағы бұйырды

895

Республика күні құтты болсын! 

Егемен әрі тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге жетілу бағы бұйырды

25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларациясының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталуы жолында маңызды әрі тарихи құжат болғаны баршамызға аян.

Бұл өз алдына егемен ел болуға жетелеген маңызды құжат осыдан тура 34 жыл бұрын қабылданып, артынша Қазақстан деген ел барын әлем таныды.

Егемендік туралы декларация қабылданған кезде мен кәмелет жасына енді жеткен жаспын, сол сәттегі аға буынның "енді өз алдына егемен елміз!" деген қуанышын жақсы сезініп, анық түсінген шағым. 

Сондықтан бұл тарихи сәттердегі, халықтың қуанышы мен рухына бірден-бір куәгермін. Сол замандастарым қазір қамал алар 40 жастан асып, алды 50 жасқа жетіп ел ағасы атанып  жатыр.  

Міне, осы аралықта замандастарымның еншісіне өз алдына егемен әрі тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге жетілу бағы бұйырды. 

Қарап отырсақ, сондай тарихи сәтте, 90-шы жылы дүниеге келген бүлдіршіндер бүгінде орда бұзар жаста екен. Егемендігі бар, тәуелсіз елдің рухын бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ өсіп-өніп жетілді. Олардың бойында, мінезінде еркіндіктің дәні бар. 

Бүгінде 20 миллионнан астам азамат өзін Қазақстан Республикасының азаматымын деп әлемге таныта алады. 

Әлем елдерімен терезесі тең Қазақстан ретінде кез келген алқалы жиындарда орын алып, сөз сөйлеп елдігімізді таныта аламыз. 

Егемен әрі тәуелсіз еліміздің азаматтары Олимпиада ойындарында жүзден жүйрік шығып, көк туымызды биікке көтере алады....  Солай емес пе?! 

Алда да талай мінбер мен жеңіс тұғырында еліміз таныла берсін! Елдігіміздің тұғыры берік, халқымыздың рухы биік болсын!

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу