Еліміз ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтын болса, жұмыс уақытын 7 сағат етуі керек

1195

Ғылым ойлаған озады, той тойлаған тозады. Ең қымбат, қайтарылмас байлық, ол – уақыт.  

Еліміз ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтын болса, жұмыс уақытын 7 сағат етуі керек

Барлық дамыған елдерде адамдардың денсаулығы, жеке өмір уақыты қорғалуы үшін жұмыс уақытын қысқартып жатыр, кей мемлекеттер 4 күндік жұмыс аптасына көшуде. 

Бұл бір жағынан қазіргі глобалдық қауіптердің артуы заманында адамдардың өз денсаулығына, отбасына, бала, ұрпақ тәрбиесіне мән беруге, тиісінше мемлекеттің әлеуметтік шығындары төмендеуіне жол ашуы тиіс. 

Біздегі статистика орташадан сәл төмендеу көрінгенімен, басшы түн ортасына дейін жұмыстан қайтпаса, қалғандары да отыратын, сенбілікпен адамдардың жеке өмірі уақытын жою сияқтыларды қоссақ, аурушаңдық деңгейі артып, отбасы, бала тәрбиесі неге төмендеп бара жатқанын түсінуге болатын шығар...

Оның үстіне 100 жыл сталиннің декреттік уақытын қолдану салдары адамдарды жұмысын кеш бастап, кеш аяқтайтын, сосын түн ортасына дейін ұйықтамай жүретін хронотиптер санын көбейтті. 

Хронотиптердің аурушаңдыққа бейім, өмірі қысқа болатыны медицинамен дәлелденген, ол биологиялық ырғақтардың бұзылуымен байланысты, кеш жатып, кеш тұрған немесе белгіленген уақытта таңертең жұмысқа/оқуға таң атуынан ерте оянғаннан қажетті ұйқысы қысқарғанның, "әлеуметтік сағаттық белдеулер ауысып кетуі" (социальная смена часовых поясов, social jetlag, SJL) салдары.

SJL терминін алғаш рет 2006 жылдардан хронобиолог Т.Роеннеберг енгізді, ол жұмыс пен демалыс күнгі ұйқыдан ояну уақыты айырмасымен өлшенеді.

Бұған салсақ, Қазақстан халқы, әсіресе балалардың SJL деңгейі ең кемі 1-2 сағаттан, жасөспірімдерде одан да жоғары және 100% шалдыққан деуге болатын шығар...

Сондықтан, егер біз қоғамдық денсаулық, отбасы, бала тәрбиесі, ұрпақ, ұлт саулығына алаңдайтын болсақ, онда Қазақстан ғылыми негізге жүгінген батыл шешімдер қабылдауы тиіс.

Соның бірі – жұмыс уақытын 7 сағат ету. Екіншісі, балалардың сабағын 40 минуттан қылып, сабақты, әсіресе 67,5 меридианынан батысқа қарай сағат 8:30-дан кейін бастау керек. Ең шығыс облыстар үшін балалар сабақ бастайтын, қазіргі жұмысшылар да ауысқан 8:00 дұрыс, ол бұрынғы уақытпен – 9:00.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу