Қазір елімізде емші, көріпкел, балгерлердің қызметіне қатысты арнайы заң жоқ, сол үшін мемлекет тарапынан бақылау да әлсіз. Егер мұнда салдармен көрсетілген қызметтің арасында себепті байланыс болса, онда міндетті түрде емді көрсеткен тұлға жауапкершілікке тартылады, бұл фактіні қозғалған іс аясында сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен анықтайды.
Өзін емші ретінде таныстырған азамат ешқандай медициналық білімі мен рұқсаты болмай тұра науқастың жағдайы туралы медициналық құжаттарын сұратпай, оны қабылдап, баланың анасына баласы тез арада сауығып кетеді деп сендіріп, өзінің қолымен белгіссіз заттардан жасалған дәрілерді науқас бірнеше күн бойы қабылдауы қажет деп айтып, аталған дәрілерді сатады. Нәтижесінде тікелей емшінің нұсқауымен ем-дом жасалған ана көп ұзамай баласынан айырылып қалады. Қылмыстық іс аясында емшінің жасаған әрекеті мен өлімнің арасында себепті байланыс болғаны анықталған соң, емші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылған еді.
Бұл жерде нақты сол көріпкелдің айтқан сөзін дәлелдеу үшін алдын-ала аудио немесе бейнежазбамен барлық қатынасты жазып алу керек. Адамның сеніміне кіріп, оның қаражатына қиянат жасаған болса, бұл алаяқтық дерегімен қылмыс болып сараланады. Себебі бұндай қызмет түрін ұсынып жатқандар өте көп. Алыс кетпей-ақ қояйық, жақында болған Астанадағы процесте айыпталушы көріпкелге хабарласқаны, оның берген кеңесін, яғни жауабын бәріміз білеміз.
Қазіргі кезде Қазақстанда көзі ашық азаматтар бар. Көріпкелдер сіз мен біз сияқты азаматтар ғой. Ешкім ертең не болатынын біле алмайды, біз тек болжай аламыз, сондықтан да ондай жерлерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Егер осындай әрекеттердің салдарынан адамдар жаппай алданып жатса, "Алаяқтық" дерегі бойынша полицияға арыздануға жазбаша түрде дәлелдердің бәрін тіркеп жүгінуге толық негіз бар. Дәл осы кезде көріпкелмен сөйлескен аудиожазбалар оның кінәсін дәлелдеуге керек болады. Сонда ғана көріпкелмін деп таныстырған тұлға жауапкершіліктен құтылып кете алмайды. Себебі сіздің қолыңызда нақты дәлел бар. Егер аудиожазбалар болмаса, көріпкелдің айтқан сөзін дәлелдеу өте қиынға соғады.
Мемлекет тарапынан бақылау болу керек. Бұл үшін алдымен олардың қызметін айқындайтын мәліметтермен танысу үшін арнайы реестр болу қажет және ол ашық болуы тиіс. Қазіргі кезде көріпкелдердің арнайы электронды реестрі жоқ, бұл факт қоғам үшін өте қауіпті және мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі болу керек. Бір сөзбен айтқанда, сіз бір нәрсені түсінуіңіз керек. Мемлекет тарапынан бақылау неғұрлым қатаң болса, онда соғұрлым сол салада тәртіп болады, қарапайым азаматтар зардап шекпейді. Осы орайда бұл қоғамдық қатынастар заңмен реттелетін болса, онда мемлекет тарапынан бақылау бар деген сөз.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін