Елімізде жария құқықтың заңды тұлғалары институтын енгізу керек

2241

Сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресу үшін мемлекет бизнеспен бәсекелес болудан аулақ болуы керек.  

Елімізде жария құқықтың заңды тұлғалары институтын енгізу керек

Мұндай институт Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде, соның ішінде Германия, Франция, Испания, Италия және Түркияда табысты жұмыс істеп жатыр. Эстония, Литва, Грузия, Әзербайжан, Украина және Молдова да осы ұстанымға берік.

Заңды тұлғалардың жария құқық институтын отандық заңнамаға бірте-бірте енгізу құқықтық дамудың әлемдік үрдістеріне сай келіп, дамыған елдердің заңнамасымен үйлестірілетін болады.

Қазақстандағы жария құқық заңды тұлғалары ұйымдарын мойындау керек. Осындай ұйымдардың мысалдары ретінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ айтуға болады.

Бұл не береді?

Біріншіден, штаты мен бюджеті дәстүрлі түрде шектеулі, басқару жүйесі иерархиялық және көлемді мемлекеттік органдар азаматтармен және бизнеспен өзара әрекеттесуге байланысты функциялардан "босатылады". Екіншіден, мемлекеттік органдарға өздерінің негізгі өкілеттіктерін іске асыруға шоғырлануға мүмкіндік береді. 

Үшіншіден, мемлекет мүдделерін қорғауда кәсібилікті, мемлекеттік қызметтер көрсетуде клиентке бағдарлануды, жария құқық заңды тұлғаларына берілген мемлекеттік функцияларды орындауды арттырады.

Қазақстанда бұл институтты енгізу мен дамыту көрсетілетін қызметтің сапасын, мемлекеттік реформаның тиімділігін арттыруға, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу